28 ақпан, 18:01
Кеншілер шаһарының әкімі сот санкциясымен қамауға алынған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл агенттігіндегілер мәлімдеді.
Ведомстваның дерегінше, аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген шенеунікке қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын Алматы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіндегілер жүргізіп жатыр.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облысы Кентау қаласының әкімін әшкереледі, ол 2022 жылғы 23 ақпанда өзінің сенімді тұлғалары арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аталған қалада автокөлік жолдарын жөндеумен айналысатын серіктестік директорынан 98 500 АҚШ доллары (42 млн 500 мың теңгеге баламалы) сомасында пара алған. Қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда» , - делінген ресми мәліметте.