Жантүршігерлік оқиға ағымдағы жылдың 4 наурызда Сайрам ауданында орын алған. 47 жастағы ер кісі 5 жасар ұлын отын әкелеміз деп үйінің маңындағы тоғайға ертіп барған. Сол кезде баласынан құтылудың жолы деп алдымен оның басынан ұрып, кейін балтамен мойнынан шауып өлтірген.
«Сотталушы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған осы бап бойынша педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан 10 жылға айырып, 15 (он бес) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу белгіленген» делінген облыстық соттың берген мәліметінде.