Түркістан облысында күйеуі әйелін балаларының көз алдында өлтіріп қойған

03 мамыр, 15:01

Оқыс жағдай Ордабасы ауданында болды. Полицияға сол отбасының қызы хабарлаған. Полицияның алдын ала дерегінше, бұл жағдай спирттік ішімдік ішу салдарынан болған. Отбасылық жанжал кезінде 1979 жылы туған азамат келіншегін ұрып-соққан. "Адам өлтіру" бабымен іс тергеліп жатыр. Ал оқиға көз алдында болған балаларына психологиялық көмек көрсетілуде, деп хабарлады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.