Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының 28 жастағы тұрғыны Әбдалиева Жадыра үшем дүниеге әкелді, деп хабарлайды Eitar.kz.
Жас ана перзентттеін Шымкентте босанды. Яғни, қаңтардың 23-іне №1 облыстық перинатальды орталықта жас ананы дәрігерлер кесар тілігі арқылы босандырып алған. Жүкітіліктің 32 аптасында дүние есігін ашқан үшемнің салмағы 1700-2100 грамм, бойлары 40-48 см. Қазір үш батырдың жағдайлары жақсы. Перзентханадан үйлеріне шығарылмақ. Айта кетейік, анас Жадыра Әбдалиева үй шаруасындағы әйел, әкесі жекеменшік коммуналдық шаруашылық қызметінде жұмыс істейді екен. Айта кетерлігі, жас ана перзенттеріне Аян, Саян, Аман есімдерін берді.