Түркістан облысы, Түлкібас ауданында туысының тойына келген жігіт жергілікті тұрғынның үйіне ұрлыққа түскен. Үйге байқатпастан кірген ол жатын бөлмеде тұрған «Айфон 12» және «Айфон 13» ұялы телефондарын қолды еткен. Кейіннен телефондарды ломбардқа өткізіп жіберіпті.
«Осы қылмысқа қатысы бар Қызылорда облысының тұрғыны анықталды. Белгілі болғандай, күдікті жігіт Түлкібас ауданына туыстарының тойына барған. Тойдан шыққан ол жергілікті тұрғынның үйіне байқатпай кіріп, ұрлыққа түскен. Осыдан соң бөтеннің мүлкін ломбардқа өткізген. Полицейлер айғақты зат ретінде ұялы телефондарды алып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,-деді Полиция департаментіндегілер.