Жол апаты Сайрам ауданының тұсында жексенбі күні сағат 21:30 шамасында болды.
«Апатты жағдай кезінде, «TOYOTA ALPARD» көлігінің жолаушысы жедел жәрдем көлігінде өзіне келмей қайтыс болды. Ал 7 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілген. Олардың бірқатары дәрігерге көрінген соң үйлеріне қайтқан. Сайрам АПБ полицейлерімен аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша тіркеуге алынды. Автокөліктер айыптұраққа қойылды. Бүгінде оқиғаның толық мән-жайын анықтау шаралары жүргізілуде», деп хабарлады Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы.