​Түркістан облысында тұңғыш рет видеоторакоскопия әдісімен ота жасалды

02 қараша, 19:38

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында алғаш рет өкпенің бір бөлігін алып тастау операциясы ерекше әдіспен жасалынды, деп хабарлайды Elitar.kz.

Заманауи әдіспен жүзеге асқан отаны Алматыдағы Хирургия Институты кеуде хирургиясы және пульманология департаментінің жетекшісі жасады. Бұл әдіс Оңтүстік Корея, АҚШ, Қытай секілді дамыған елдерде кеңінен қолданысқа енген. Видеоторакоскопиялық отаның ерекшелігі науқастың емін-еркен жүріп кетуіне ұзақ уақыт кетпейді. Мамандардың айтуынша, науқас екі аптада өзін жайлы сезінеді. Айта кетерлігі, түркістандық дәрігерлер бұған дейін өкпе дертіне шалдыққан науқастардың кеуде тұсын толықтай кесіп барып жасайтын. Ал бұл әдіс арқылы кеуде тұсын небәрі үш сантиметр етіп кесіп, жарамсыз өкпе бөлігін алып тастауға мүмкіндік туып отыр.