Түркістан облысы, Мақтаарал ауданындағы жергілікті тұрғын жұрт шырт ұйқыда жатқан кезде ұрлыққа түскен. Бұған дейін сотты болған күдікті балалардың бір реттік жаялығымен (памперс) бірге үйдің сарайында тұрған көлік бөлшектерін де қолды еткен.
«Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы, яғни «Ұрлық» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркеді. Жедел уәкілдер қажетті іс-шаралар кешенін жүргізіп, жақын маңдағы аумақтарды аралап, куәлардан сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде күдікті ретінде бұрын сотты болған ер азамат ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде»,-деді облыстық Полиция департаментіндегілер.