Түркістан облысының полицейлері 2 бірдей тұрғынның үйінен заңсыз сақталған оқ-дәрілер мен қаруларды тәркіледі

18 ақпан, 10:24

Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасы мен Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Созақ ауданының екі тұрғынын ұстады. Тәртіп сақшылары олардың бірінің үйін тінту кезінде тіркелмеген «АК-47» маркалы автомат, 8 дана оқ-дәрі, 2 дана тир мылтығын тапты. Одан бөлек 16 калибрлі 2 ұңғылы аңшы мылтығы, 1 дана электро ток таратқыш құрылғы, 2 дана 16 калибрлі атылған оқ гилзасы тәркіленді.

Ал екінші күдіктінің тұрғылықты мекен - жайын тексеру кезінде қосымша тағы да оқ-дәрі айғақты зат ретінде алынды.

Қазіргі уақытта аталған жайт сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Күдіктілердің бірі қамауға алынды деп мәлімдеді полицияның баспасөз қызметі. Полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын және күдіктінің қандай мақсатта қару ұстағанын анықтап жатыр.