28 ақпан, 13:01
Тән саудасын қыздырғандардың бір тобы Арыс қаласындағы жеке үйлердің бірінен анықталды. Интимдік қызмет көрсету күдігімен жеңіл жүрісті бойжеткен мен жеңгетай ұсталды.
Қазіргі уақытта жеңгетайлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заттай дәлелдемелер алынды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Бұдан бөлек 21-27 ақпан аралығындағы жедел алдын алу іс-шарасы кезінде Сарыағаш ауданында екі қылмыс анықталды. Мұнда 2 қонақ үй әкімшісі мен 3 жеңіл жүрісті қыз ұсталды. Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Түркістан облысы Полиция департаментінің дерегінше, барлығы 19 жеңіл жүрісті қыз профилактикалық есепке қойылған.