Түркістан облысының тұрғыны ғашығының туған күніне сыйлық жасау үшін ұрлық жасады

17 мамыр, 11:20

Төлеби ауданындағы жеке үйлердің біріне ұрлыққа түскен күдікті құны 80 мың теңге болатын ағаштан ойып жасалған төрт астауды қолды қылған. Оған қоса 200 мың теңгенің 4 дана доңғалақ дискілерін үптеп кеткен. Жәбірленушіге 280 мың теңге шығғын келтірген сезікті алыстан келмеген болып шықты.

«Күдікті бір тәулікке жетпей ұсталды. Ол бұрын сол үйде құрылыс жұмыстарын істеген адам болып шықты. Тергеу кезінде берген жауаптарына қарағанда, жас жігіт ғашығына сыйлық жасау үшін әрі қарыздарын жабу үшін ұрлыққа барған. Өзі білетін үй болғандықтан үй иесінің жоқтығын пайдаланып келген. Ұрлаған заттарын сатып, ақшасын жаратып жіберген», -деді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы.