17 мамыр, 11:50
Келес ауданының тұрғыны РГД-5 жарылғыш затын полиция бөліміне заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша өтіп жатқан акция кезінде өткізген. Департаменттегілердің дерегінше, тұрғын гранаталарды балық аулау кезінде, өзен бойындағы ағаш арасында оралып жатқанын жерінен тапқан. Алайда осы уақытқа дейін қайда өткізерін білмей жүріпті.
Айта кетейік, өңірде 25 сәуірден бастап акция өтіп жатыр. Алғашқы 19 тәулікте облыс көлемінде 4 дана гранатадан бөлек 112 азаматтан 167 дана отты атыс қару алынған. Оның ішінде 23 ойық ұңғылы, 137 дана тегіс ұңғылы қару, 7 шолақ қару алынды.

Полиция департаментіндегілердің мәліметінше, аталған акция аясында өткізілген қару-жарақтар үшін тұрғындарға сыйақы беріледі. Шараны өткізу үшін Түркістан облысына Үкімет тарапынан 14 миллионнан астам теңге бөлінген.