Түркістан облысында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жалғасуда. Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарында наурыз көже берілді.
– Шамшырағы қайта жанған Түркістан шаһарында бүгінде құрылыс жұмыстары қызу жүруде. Жалпы қаламыздың аумағында 200-ден астам нысан салынып жатыр. Бұл ретте құрылысшылардың еңбегі ерен. Оларға қала тұрғыны ретінде алғыс білдіреміз. Қаймана қазақ үшін наурыз көженің орны бөлек. Наурыз көжеге қосылатын түрлі дәм молшылықтың, тоқшылықтың, сәттіліктің, байлықтың, бақ пен берекенің белгісі саналады. Ұлыстың ұлы күні елімізге, жерімізге құт-береке ала келсін. Ұлыс оң болып, әрбір күніміз Наурыз күніндей шуақты болсын! – деді Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Дүйсенкүл Жамбылова.