Түркістанда жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілерді анықтайтын жаңа «Қорғау - Қауіпті жүргізуші» бағдарламасы іске қосылған. Бұл қосымша патрульдік полицейге жақын маңда жол ережесін бұзған немесе көлігіне жалған нөмірлер орнатқан заңбұзушыларды көрсетіп отырады. Сондай-ақ айыппұлы төленбеген, сақтандыру, техникалық байқаудан өтпеген немесе іздеуде жүрген автокөлік жүргізушісі жайлы хабардар етеді. Осылайша жол қозғалысын қадағалау кезінде полицияға, құқықбұзушылықтың алдын алуға кәдімгідей мүмкіндік береді.