Жапон елінің символы саналатын бұл ағаштар Түркістан қаласына келушілердің назарын аударып тұр. Қызғыл және ақ түсті гүлдерімен көз тартады. Сәуір мен мамыр айында гүл ашатын сакура айналаға жұпарын шашып тұр. Ерекше көшеттер әрі қарай жасыл жапырақтарымен жайқалып, сән беріп тұрады,- дейді мамандар.