Жаңадан салынған көпқабатты тұрғын үйлер қаңтардан бері қаңырап бос тұр. Ал халық пәтерден пәтерге сабылып жүргендерін айтып ашынды. Әкімдік пен жауапты мекемелердің табалдырығын тоздырып шаршадық дегендер тұрғын үйлер газ бен суға қосылмағанын жеткізді. Көпқабатты үйлердің ауласы да абаттандырылмапты. Соған қарамастан қала басшылығы жаңа үйлерді қабылдап, банк арқылы сатып жіберген, -деді несие арқылы баспана рәсімдеген тұрғындардың бірі Досжан Бибатыров. Айтуларынша, құрылысты жүргізген компания өкілдері бұл үйлерге әлі күнге ешкімді кіргізбей отыр.
- Қазан айында жаңа қонысқа кіретін болдық деп қуанғанбыз. Қаңтардан қалмай кіруіміз керек еді. Содан бері де үш ай өтіп кетті. Ипотеканы төлеп отырмыз. Мысалы, менің өзім 146 мың теңге төлеймін. Бірақ пәтерде тұрамын. Төрт бала -шағам бар. Мен қазір екі жақты шығындамын. Пәтерақыға бір, несиеге бір төлеп отырмын. Әкімдікке барсам, тұрғын үйге сілтейді. Екі ортада сандалып шаршадық. Нақты қашан кіре алатынымызды дөп басып ешкім айтар емес. Электр энергиясының өзін қосқанына бір апта болды. Суы мен газы жоқ әлі.