Түркістанда жомарт жандар көпбалалы анаға 5 бөлмелі баспана сыйлады

08 қаңтар, 15:49

Түркістанда көпбалалы отбасыға баспана сыйға тарту етілді, деп хабарлайды ​ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Elitar.kz.

Шаңырақ иесін құттықтай барған облыс имамы жақсы жаңалық жеткізді. ҚМДБ тарапынан атқарылатын 4 бағыттың бірі қайырымдылық екендігін, өткен жылы имамдардың араласуымен осы тапсырма аясында облыс бойынша 12 баспана берілгенін, Түркістан қаласында 2 өртенген үйге жәрдем жеткізілгенін атап өтіп, алдағы жылы тағы бір отбасыға баспана əперу жоспарда барына тоқталды, Мұсабек Ақтамберді. Сондай-ақ, игі іске атсалысып, қайырымдылық еткен «Жұма» мешітінің жомарт жамағатына береке тіледі.

А, 6 баласымен далада қалдырмай, отау тарту еткен жұртшылыққа Гүлназ Құдайбергенқызы:

«Балаларыммен қанша жыл пәтерден пәтерге көшіп, көп қиындық көріп қиналдым. Енді міне, Аллаға шүкір бұл күнге де жеттік. Барша жәрдемші болған азаматтарға Алла Тағала разы болсын»,- деп ақжарма тілегін жаудырды.

Қуанышқа ортақтасып келген ақсақалдар ақ батасын беріп, имамдар мен жергілікті жамағатқа ризашылықтарын білдірді. Құран оқылып, дəстүрге сай шүкіршілік дастарханы жайылды.