​«Тағы да соққыға жығылды»: Оқушылар «разборкасы» тоқтар емес (ВИДЕО)

23 қаңтар, 20:00

Желіде оқушылар төбелесінің тағы да шошытарлық қос видеосы пайда болды. Болжам бойынша бұл жағдай да Түркістан облысында орын алған болуы мүмкін. Себебі оны көрген қолданушылар сондай пікір қалдырған, деп хабарлайды Elitar.kz.

Көпті шошытқан видеода жасөспірімдер мектеп әжетханасында өзара мәселелерін шешіп жатады. Сол сәтте олардың бірі екіншісінің тұмсығын бір ұрып, кейіннен оқушыға өзгелер жабылып, тепкінің астына алады. Тіпті екі бүктеліп жатқан жеткіншектің үстінен шығып бірнеше рет секіреді. Төбелес кезінде жасөспірімдердің "шымкентшелеп" боқ ауыз сөз айтқанын да байқауға болады. Ал екінші видеода төбелес көшеде орын алған. Онда да жасөспірім соққыға жығылады.

Желілерде тарап кеткен соңғы екі видеоның мән-жайына қатысты құзырлы органдағылар әлі ресми ақпарат таратқан жоқ.

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістан қаласындағы оқушылардың төбелесі көптің жағасын ұстатқан болатын. Онда жасөспірімдер төменгі сынып оқушыларына әлімжеттік танытып, соққының астына алады. Бұл жағдай бойынша құзырлы органдағылар қылмыстық іс қозғады.