Түркістан облыстық Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түскен. Онда Түркістан қаласының тұрғыны есірткі затын сатумен айналысып жүргені айтылған. Ақпарат алысымен полицейлер қылмысты ашудағы өзіндік әдістерді қолданып, қажетті шараларды атқарды. Соның нәтижесінде күдікті ер адам ұсталды.
«Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша жүргізілуде. Тергеу оқиғаның толық мән-жайын анықтайтын болады. Ер адам қамауға алынды. Оның есірткіні сақтау мен өткізудің басқа да деректеріне қатысы бар-жоғы анықталып жатыр»,-деді Полиция департаментіндегілер.