Түркістандық тұрғын өз жерлесін қорқытып ақшасын тартып алған

08 ақпан, 11:00


Түркістан облысы, Сарыағаш ауданындық полиция басқармасына ер кісі шағымданды. ОЛ өз арызында Сарыағаш ауданының тұрғыны өзін-өзі басқару жолымен ірі мөлшердегі ақшасын алып кеткенін көрсеткен. Аталған факт ҚР ҚК-нің 389-бабы бойынша тіркелді. Облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен сарыағаштық полицейлер бірлесіп, жедел іздестіру шарасын өткізді. Түркістан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті көп ұзамай ұсталды.

"Жедел іздестіру шарасының нәтижесінде күдіктінің үйінен полиция қызметкерлері айғақты зат ретінде 3 дана оқ пен атылатын және травматикалық қару, оқ-дәрілер мен ірі ақша тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 287 (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру), 389 (өзін-өзі басқару) баптары бірден сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде" делінген хабарламада.