Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер әкесі - жәбірленуші, ал ұлы - күдікті болып отырған қылмыстық іс туралы хабарлады.
«Түркістандық полицейлер арызданушының шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында қажетті іс-шараларды жүргізді. Тексеру жұмыстары кезінде полицейлер осы қылмысқа қатысы бар күдіктінің жеке басын анықтады. Ол жәбірленушінің ұлы болып шықты. Белгілі болғандай, ұлы қоңырау соғу үшін әкесінің ұялы телефонын сұрап алып, сол сәтте банк қосымшасымен несие рәсімдеген»,-деді Полиция департаментіндегілер.