Түркістандықтар үшеммен толықты

14 маусым, 18:33

Түркістан облысының №2 перинаталдық орталығында 23 жастағы келіншек үшемді дүниеге әкелді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. Мерзіміне жетпей толғағы басталғандықтан білікті дәрігерлердің қатысуымен жас келіншекке жедел ота жасалған.

- Операция сәтті шықты. Жас ана үш қызды жарық дүниеге алып келді. Жаңа туған нәрестелерге Райана, Разия, Райхана есімдері берілген. Нәрестелердің салмағы 1 910 гр, 1 950 гр және 2 120 гр болды ,- дейді дәрігерлер.

Мерзімінен ерте туылған үшемдер перинаталдық орталық дәрігерлердің бақылауына алынған. Медицина қызметкерлерінің көмегімен балалардың жағдайы бүгінгі күнге қанағаттанарлық, үшемдер перзентханадан шығуға дайын.