Қызылордада қатаң режимдегі түзеу мекемесінде жазасын өтеп жүрген танысына есірткі жекізбек болған тұрғын ұсталды. Түрмеге келген ер кісі сәлем-сауқат ретінде тамақ алып келген. Ол облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде Қылмыстық кодекстің 106-бабы 2-бөлігімен және 14-бабы 1-бөлігімен 7 жыл мерзімге сотталған жазасын өтеушімен кездеспек болған. Polisia.kz жазуынша, мекеме қызметкерлері тексеру барысында тұшпара ішінен 18 дана өзіне тән хош иісі бар шөп тектес және 27 ақ түсті дәріге ұқсас затты анықтады.