Түркістан облысында діни алауыздықты қоздырғаны үшін үш адам сотталды. Бұл туралы облыстық прокуратурадағылар хабарлады.
Нақтырақ айтқанда, Созақ, Арыс және Қазығұрт аудандарының тұрғындары "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде зорлық-зомбылыққа шақыратын діни сипаттағы материалдар бар аудио таратқан.
Құзырлы органдағыларға аудиолардың экстремистік сипатта екенін дәлелдеу үшін біршама уақыт қажет болған. ⠀⠀
"Прокурорларға істі сотқа жолдауы үшін психологиялық-филологиялық және діни сараптамалар себеп болды. Олардың қорытындыларына сәйкес таратылған аудио файлдарда діни алауыздық белгілері бар деп танылды", - деді прокуратурадағылар.
Үш тұрғынның үстінен ҚР ҚК 174-бабы (діни араздықты тұтату) бойынша іс қозғалды. Сот шешімімен олардың әрқайсысына екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді.
ФОТО: s.err.ee