Шымкентте 23 жастағы екі жігіттің ерегіс соңында бірі ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жас жігіт құрдасын тапаншамен атқан. Бұл туралы полицияға ауруханалардың бірінен таңғы сағат 7:00-де хабар келіп түскен.
«Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігімен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі бойынша тіркеуге алынды. Полиция қызметкерлері аталған хабарламаны алған бойда күдіктінің жеке басын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті. Нәтижесінде Шымкент қаласының 23 жастағы тұрғыны қала аумағында қолға түсті. Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда» делінген ведомство мәліметінде.