13 қараша, 14:00
Аягөз қаласының тұрғыны түн қараңғысында өзгенің көлігіне кіріп, автомагнитоласын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.
Полицейлер бөтеннің мүлкіне құмар жанды ізін суытпай ұстады. Ол азамат кінәсін мойындағанымен, ісі сотқа жіберіледі.
Дегенмен, сот барысында күтпеген жерден жәбірленуші тарап айыпталушыға кешірім береді. Оның үстіне ұсталған азамат материалдық шығынды толығымен өтеген.
– Жәбірленуші айыпталушыға қояр кінәсінің жоқ екенін айтып, қылмыстық істі қысқартуды өтінді, - деп хабарлайды ведомстваның баспасөз қызметі.
Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Автор: Марьяна Абдельдинова, ШҚО