Орталық коммуникациялық қызметте өткен брифингте Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов Қарағандыдағы «Древний Рим» мейрамханасы маңындағы төбелесті тексеру туралы ақпараттың неліктен кеш таралғанын айтып берді, деп жазады Zakon.kz.
«Ең алдымен, қолдағы материалдарды тексеру, куәгерлерден сұрақ-жауап алу, бетпе-бет кездестіру, түрлі сараптамаларды өткізу – мұның барлығына уақыт қажет болғанын ескеру керек. Сондықтан қазір жағдай біршама анықталды, тұлғалардың жеке бастары анықталды, тұтқындалды, және тергеу ісі жалғасуда... ...Қайғылы жағдайдан соң біршама үзіліс болып қалды... ...Біздің баспасөз қызметке қатысты айтар болсақ... дер кезінде мәлімет берілді. ҚПК сәйкес тергеу барысы туралы айтуға құқығымыз жоқ», - деді Сүлейменов.