Түркістан облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды

28 тамыз, 14:26

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Түркістан облысы әкімінің өкіміне сәйкес Түркістан облысы әкімінің орынбасарлары болып Сәкен Қалқаманов пен Ұлан Тәжібаев тағайындалды.

Сәкен Қалқаманов Павлодарда дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетінің түлегі.

Алғашқы еңбек жолын «Астана», «Қазақстан» телеарналарында журналист болып бастаған. «ҚазАгро» Ұлттық Басқарма Холдингінде», сондай-ақ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде баспасөз хатшысы қызметін атқарған. Кейіннен Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі болған.

Сәкен Қалқаманов идеология, білім және мәдениет, спорт, жастар саясаты, дін және отбасы сияқты бағыттарға жетекшілік етеді.
Ал Ұлан Тәжібаев - ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау, еңбек инспекциясы, шекара маңындағы мәселелерді шешу, табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу сияқты бағыттарға жетекшілік етеді.