ШҚО-ның төрт ауданында сабақ тоқтатылды
Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 13 қарашада Зырян ауданында ауа температурасы -34 градусты құрады. Осыған байланысты бірінші ауысымның 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды. Риддер қаласында -24 градус аяз болғандықтан бірінші ауысымның 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды. Сонымен қатар, Аягөз ауданының 1-9 сынып оқушылары (-31 градус аяз), Көкпекті ауданындағы колледждің 1-2 курс студенттері мен ондағы мектептердің бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары (-27 градус), Үржар ауданының 1-9 сынып балалары үшін сабақ тоқтатылды.