​Ғалымдар әлемдегі ең ежелгі мамандықты атады

13 желтоқсан, 10:07

Анық болғаны, жезөкшелік - жер бетіндегі ең ежелгі кәсіп емес. Әлемдені ең көне кәсіп иелері бақсылар болған. Антрополог Марвин Сингх өз зерттеулерінің нәтижесіне сүйене отырып осылай деп мәлімдеп отыр, деп жазады «Моя планета».

Ғалымның айтуынша, бақсылар міндетті түрде сынақ немесе ант беру рәсімінен өткен. Сондықтан олар басқа тайпаластарынан ерекше көрінгендіктен, өз ісінің маманы деуге болады.
«Бақсылық – бұл арадағы айырмашылыққа қарамастан барлық халықта кездесетін кәсіп», - дейді Сингх.
Ол бақсылардың кәсіби міндеттерін былай деп суреттейді: «Әлемде біз басқарғымыз келетін көптеген жайттар бар: ауа райы, ауру-сырқау, жануарлар. Адамдар о баста осының барлығын тылсым күштер – Құдайлар, бабалардың рухтары мен т.б. басқарады деп сенді. Бірақ, бақсылар пайда болып, осының барлығын өз қолдарына алды».