Актер Алексей Булдаков қайтыс болды

03 сәуір, 17:35

Ресейдің Халық әртісі, театр және кино актері Алексей Булдаков 68 жасында өмірден өтті. Бұл туралы Әлеуметтік желілерде "Амур күзі" театр және кино фестивалінің президенті Сергей Новожилов хабарлады, сондай-ақ, ақпаратты Кинематографистер одағының кино актерлері Гильдиясы да растады.

Булдаков гастрольде болған. Қайтыс болу себептері әзірге белгісіз. Бірақ, кино актерлері Гильдиясының өкілі актердің тромбысы үзілгенін айтады.