Шымкентте балаларға арналған бірегей оңалту орталығы жұмыс істейді

22 қараша, 14:50

Шымкентте бірегей орталық жұмыс істеуде. Мұнда церебралды сал (БЦС) диагнозы қойылған балалар емделуде. Балғындарға тек үздік мамандар - невропатологтар, ЛФК инструкторлары, логопедтер, дефектологтар, эпидемиологтар көмектеседі, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.

Ай сайын бұл оңалту орталығында 50 бала тегін ем қабылдайды (10 бала басқа аймақтардан, 40 бала – Шымкенттен).

Орталық ұжымы elitar.kz порталы үшін кабинеттерді арнайы көрсетіп, балалармен таныстырды.

Ал біз сайт оқырмандарымен оңалту орталығына қалай жатуға болатыны туралы ақпаратты бөлісеміз.
1. «Қасиетті жол» қорына жазбаша өтініш (өтініш иесінің мекенжайы, телефоны, қолы мен күні жазылған).
2. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі.
3. Өтініш жазған тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі.
4. Соңғы жатқан аурухана дәрігерлерінің қағазы.
5. Мүгедектік туралы куәліктің көшірмесі.
6. Әлеуметтік қызметкер емделуші баланың тұрмыстық жағдайы туралы жазған акті.

Көп балалы немесе аз қамтылған отбасылардың өтініштері бірінші кезекте қаралады.
Оңалту орталығының мекенжайы: Нұрсәт ш/ауд., 125, Балалар ауруханасының жаны.
Орталықтың телефоны: +7 775 647 66 09