Өзбекстан мен Қазақстан тағы бір автобус бағытын іске қосты

23 шілде, 14:35

Ағымдағы жылдың 22 шілдесінен бастап "Узавтотранс Сервис" ЖШҚ Ташкенттен Қызылорда қаласына тұрақты автобус қатынасын бастады, деп хабарлайды ca-news.

Бұл туралы Өзбекстан ұлттық ақпарат агенттігі Көлік және коммуникация министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Yutong заманауи және жайлы автобусы Ташкент автовокзалынан жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-де жөнелтіледі. Маршруттың ұзақтығы - 583 км, жолдағы уақыт - 10 сағат 30 минут, ал құны - 80 000 сом (шамамен $10)", - делінген ведомство хабарламасында.

Автобустар шекарадан "Гишткуприк" және "Жібек Жолы"бақылау-өткізу пункттері арқылы өтетін болады.