«Shymkent» ӘӘК «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасын іске асыру жұмыстарына кірісті. «Shymkent» ӘӘК бұл бағдарламаға қатысу үшін «Баспана» Ипотекалық ұйымынан 10 миллиард теңге көлемінде несие алды деп хабарлайды «Shymkent» ӘКК АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz
Биыл 64,000 шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Алғашқы үйлер күзге қарай салынып бітеді, ал шаршы метр бағасы 200-220 мың теңге аралығын құрамақ.
Қазір құрылыс жұмыстары жүргізілуде:
- Тұран мөлтекауданында 8 көпқабатты үй, жалпы алаңы 30,406 шаршы метр. Пәтер саны - 476. Пайдалануға беру мерзімі - 2019 жылдың қараша айы. Құрылыс компаниясы - «БекСтройСервис».
- Асар-2 мөлтекауданында 10 бес қабатты үй. Жалпы алаңы - 17,977 шаршы метр. Пәтер саны - 300. Пайдалануға беру мерзімі - 2019 жылдың қазан айы. Құрылыс компаниясы «БекСтройСервис».
- Қаратау ауданында 6 бес қабатты үй. Жалпы алаңы - 14,875 шаршы метр. Пәтер - саны 240. Құрылыс компаниясы - «АрхПроект – 1».
Ал 2019 жылы мамыр айында "Сатудың бірыңғай орталығын" ашу жоспарлануда. Бұл орталық арқылы кез келген сатып алушы «7-20-25» бағдарламасымен пәтер алу үшін өтініш тастай алады.