Биыл елімізде мамыр айындағы ​демалыстар ауыстырылады

04 қаңтар, 12:34

Қазақстан Үкіметі мамыр айындағы демалыс күнді басқа күнге ауыстыруды шешті. Жаңа жарлықта демалыс күні сенбі, 4 мамырдан жұмаға, яғни, 10 мамыр күнге ауыстырылады деп көрсетілген. Осылайша 2019 жылы Қазақстан азаматтары 9, 10, 11 және 12 мамыр күндері демала алады. Жалпы, биыл қазақстандықтарды 119 демалыс және мерекелік күндер күтіп тұр.

Еске салайық, Қазақстан азаматтары 7 қаңтар күні де демалады, православтардың Рождество мерекесі дүйсенбі күнге тура келіп тұр.

Алты күндік жұмыс тәртібін есепке алмағанда 2019 жылы ең ұзақ демалыс күндері мына мерекелерге тура келіп тұр:
Наурыз айында 8 күн – Халықаралық әйелдер күніне орай 8-10 наурыз аралығындағы 3 демалыс күні;
Наурыз мейрамына 5 демалыс күні – 21-25 наурыз күндері;
Мамыр айындағы 6 демалыс күні – Қазақстан халқының бірлігі күніне – 1 мамыр, Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр;
Ұлы Жеңіс күніне орай 4 демалыс күні – 9-12 мамыр күндері (демалыс күндері ауыстырылады);
Тамыз айындағы 4 демалыс күні – Құрбан айтының бірінші күні (11 тамыз). Ол жексенбі күнге тура келеді, дегенмен, демалыс күні ауыстырылмайды, себебі Құрбан айты ұлттық немесе мемлекеттік мерекеге жатпайды.
Желтоқсан айындағы 6 демалыс күні – Тұңғыш Президент күні - 1 және 2 желтоқсан, Тәуелсіздік күніне орай 4 демалыс күні – 14 пен 17 желтоқсан аралығында түрғындар демалады.
ФОТО: uchet.kz