Ақмола облысында 22 жастағы бойжеткен әкім кеңесшісі болды

12 мамыр, 15:09

Қазақстандық бойжеткен 22 жасында әкім Ермек Маржықпаевтың штаттан тыс кеңесшісі болды. Самира Тайтенова сонымен қатар AQMOLA-Adaldyq alańy жобалық кеңсесін басқарады.⠀

Штаттан тыс кеңесші жаңа лауазымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысатын болады.
Самира Тайтенова Ақмола облысының тумасы. Мамандығы бойынша - заңгер. Еңбек жолын "Жас Отан" өңірлік филиалында бастаған.
Аймақ әкімдігі штаттан тыс кеңесшісінің қарапайым отбасынан шыққанын, анасы Степногорск қаласында тұратынын атап өтті.