06 сәуір, 13:15
Маңғыстауда тағы екі адамнан COVID-19 диагнозы анықталды. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ержан Күмісқалиев хабарлады.
"Жарты сағат бұрын екі адамнан коронавирус анықталғаны туралы ақпарат келіп түсті", - деп атап өтті ол.
14 шағынаудандағы 38 үйден ауруханаға төрт адам жеткізілді. Оның екеуінен коронавирус сараптамасының теріс нәтижесі шықты, қалған екеуінен қауіпті індет анықталды. Вирусты инфекцияға шалдыққандар Өзбекстан азаматшалары. Олар Қазақстан жерінде пәтер жалдап тұрған. Тұрғын үй подъезіне дезинфекциялық шаралар жүргізілуде. Қазіргі таңда олармен байланыста болған аталған көпқабатты үйдің 133 тұрғыны анықталды. Оның 23-і текелей қарым-қатынаста болған. Белгілі болғаны, шетелдің екі азаматшасы бұған дейін коронавирус дерті анықталған қызылордалық ерлі-зайыптымен байланыста болған.
Айта кетейік, қазіргі таңда облыста коронавирус жұқтырғандар саны 5 адамға жетті.