Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі Instagram желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеді.
Хабарламада әлеуметтік желілерде Ақтөбе тұрғынын бір топ кісінің жабылып ұрып-соққан сәтінің видеосы тарап жатқаны туралы айтылады. Жәбірленуші кадрдан көрінбейді.
Оқиға Ақтөбе қаласында 24 желтоқсанға қараған түні болған. Бір топ жас жігіт жергілікті тұрғынға дене жарақаттарын салған. Жәбірленуші көптеген жарақатымен медициналық ұйымға жеткізілген.
Ал полицейлер бұл қылмысты бір тәуліктің ішінде ашты. Кісі өлтіруге оқталған күдіктілер ұсталып, тергеу абақтысына қамалған. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.