Валюта:
  • USD / KZT - 518.34
  • EUR / KZT - 607.18
  • RUB / KZT - 6.62

    Алматы облысында төрт саяжай алқабы карантинге жабылды

    13 сәуір, 08:56

    Мемлекеттік комиссияның жедел штабы хабарлағандай, аталған аумақтарда коронавирусқа шалдыққан 9 адам анықталды.

    COVID-19 диагноз қойылған пациентпен байланыста болған 11 адамның 9-ында қауіпті індет диагнозы расталды. Облыстық штабтың келісімі бойынша Еңбекшіқазақ ауданындағы "Алтын адам", "Көксай", "Алтын алма" және "Береке" саяжай алабы карантинге жабылды.
    Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша азық-түлік себетімен және қажетті қызметтердің толық спектрімен қамтамасыз етілетін тұрғындар тізімі түзілді.
    Қаулыны Еңбекшіқазақ ауданының бас санитарлық дәрігері қабылдады. Қазір карантин режимін қатаң сақтауды қамтамасыз ететін қызметтер жұмылдырылған.