Алматы облысында терминалдарды ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

21 мамыр, 13:00

Қылмыстық топ бұрын сотталған бес адамнан тұрды, олар қазір наурыз айынан мамыр айына дейін Талғар мен Еңбекшіқазақ аудандарында жасалған 9 қылмыс оқиғасы бойынша айыпталып отыр, деп хабарлайды Elitar.kz Алматы облысы бойынша ДП баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Топ құрамындағылар - үлкені 28, кішісі 21-дегі жас жігіттер. Барлығы Талғар ауданының тұрғындары. Барлық жағдайда күдіктілер төлем терминалдарын ұрлаған. Бірнеше дерек бейнебақылау камерасына түсіп, оның бірінде күзетші тонаушыларға соққы берді. Екі терминал табылып, тексеру материалдарына айғақ зат ретінде пайдаланылуда. Зардап шеккендерге келтірілген шығын әзірге есептелуде",-деп хабарлады Алматы облысы ЖП баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабарлауынша, қазір ұсталған адамдардың аймақ бойынша басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

"Бес күдіктінің барлығы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу Талғар аудандық полиция қызметкерлерінің өндірісінде жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі.