Алматыда орын алған ақауға байланысты мыңдаған адам жарықсыз қалды

20 қыркүйек, 14:36

Электр жарығы жүйесін кешкі сағат жетілер шамасына қарай реттеледі. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов өзінің INSTAGRAM парақшасында жазды.

"20 қыркүйекте Момышұлы - Рысқұлов көшелерінің қиылысында салынып жатқан мейрамхананың аумағында жер қазу жұмыстары кезінде Нұркент 1-2( Атлетикалық ауыл), Алмалы шағындаудандары мен №201 мектеп және балабақшаны электр қуатымен қамтамасыз ететін кабель зақымдалды.

Салдарынан 5365 жеке, 44 заңды тұлға электр жарығынсыз қалды.

Апатты жоюға "АЖК" АҚ-ның арнайы үш техникасы мен 5 қызметкері жұмылдырылды. Электрмен жабдықтау сағат 19.00-ге қарай қалпына келтіріледі", - делінген хабарламада.