Zakon.kz телеграм-каналының хабарлауынша, сот процесіне қатысуға 40-қа жуық журналист келді.
Айыпталушылар беттерін көпшіліктен жасырып отырды.
Еске сала кетейік, мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен Алматының орталығында 19 шілде күні мерт болды. Тергеушілердің мәліметінше, спортшы өзінің көлігінің айнасын ұрлап жатқандармен арпалысқан. Соның салдарынан ұрының бірі Дениске пышақ жұмсап, суық қару қан тамырын кесіп кеткен. Спортшы көп қан жоғалту салдарынан ауруханада көз жұмды.