Алматыда үш оқушы көз жұмды

13 ақпан, 09:58

Алматыда Денис Мельников, Вадим Сизов, Сабыр Дүйсегалиев есімді үш оқушы мектепке бару үшін үйлерінен шығып, сол күйі хабарсыз кеткен болатын.

Алматыда үш оқушы суға батып кетті. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Құтқару қызметтері Алатау ауданында жоғалып кеткен оқушыларды іздестіруді аяқтады. Өкінішке орай, біз балалардан айырылып қалдық. Денис Мельников, Вадим Сизов, Сабыр Дүйсеғалиевтің қаза тапқаны туралы қайғыра хабарлаймын»,– делінген жазбада.

Белгілі болғаны, оқушылар мұзы жұқа су айдынына батып кеткен.

«Жазым болған оқушылардың отбасылары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Біздің балалар мұзы жұқа су айдынында көз жұмды. Полиция департаменті мен ТЖ қызметтеріне себептерін тергеу жөнінде арнайы топ құруды тапсырдым. Зардап шеккендердің отбасыларына қолдан келгенше көмек көрсетеміз. Тергеу барысы менің жеке бақылауыма алынды»,- деді әкім.