12 желтоқсан, 15:51
Алматыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісінің бетіне оқ атылды, деп жазады Tengrinews.kz қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Жүргізушіге шабуыл Алматыдағы «103» қызметінің 7/31 бригадасы қызметкерлері медициналық көмек көрсету кезінде болған. «103» операторына қоңырау 11 желтоқсан күні түседі. Фельдшер науқасты үйінде қарап жатқан кезде жүргізуші көлікте болған
«Жүргізушінің айтуынша, сағат 20:00 шамасында оған жас жігіт келіп, көлікті үйінің жанына алып кетуі өтінген. Фельдшер мен науқасты ауруханаға алып кету үшін күтіп тұрған жүргізуші ол жерден келе алмайтынын айтады, көлік басқа машиналардың жүруіне кедергі келтіріп тұрған жоқ. Жаңағы жігіт үйіне кіріп кетіп, қайта оралған соң жүргізушінің бетіне газ тапаншасынан атып жібереді, соның салдарынан жүргізушінің беті түрлі дәрежеде күйік шалды», - деп хабарлайды Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.
Науқаспен бірге көлікке оралған фельдшер жүргізушіге алғашқы көмек көрсетеді. Содан кейін жедел жәрдем көрсетіп, науқас пен жүргізушіні ауруханаға жеткізу үшін оқиға орнына тағы екі жедел жәрдем бригадасын шақырады. Денсаулық сақтау басқармасының өкілдерінің мәліметінше, жүргізушіге оқ атқан адам мен оқиғаның куәгері жәбірленушіге алғашқы көмек көрсетпеген.
ФОТО: .kpcdn.net
Автор:
Elitar.kz