Бұған дейін Алматы қалалық полиция департаменті қала мен Алматы облысында балаларды жаппай ұрлау туралы хабарламаны жоққа шығарған болатын.
Департаменттің жедел іздестіру басқармасының қызметкерлері балаларды жаппай ұрлау туралы ақпарат тартқан адамды бір күннің ішінде анықтап ұстады.
"Ол алматылық 1991 жылы туған әйел болып шықты. Әйел өзінің шынымен қоғамда негізсіз дүрбелең мен үрей туғызған аудио хабарламаның авторы екенін мойындады. Ұс талған азаматша бұл расталмаған ақпаратты құрбысы айтып берді деп түсіндірді. Қазіргі уақытта оның әрекеттері ҚРҚК 274-бабы 2-бөлігі бойынша ПД тергеу басқармасында ақпараттық-коммуникациялық жүйелер арқылы жалған ақпарат таратты деген айып тағылып отыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Жанболат Зиадин.
Полициядағылар бұл тараған ақпараттағы ешбір мәліметтің шындыққа мүлдем сәйкес емес екенін анықталғанын тағы да атап өтті.