​Астанада ірі құрылыс компаниясының кеңсесі өртенді

14 ақпан, 09:51

Өрттің видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, "Хайвилл Қазақстан" құрылыс компаниясының ғимараты жанған, деп жазады Elitar.kz.

Видео авторының айтуынша, алдымен ұшқын шығып, жалын кейін бүкіл ғимаратты алып кетті.

ҚР ТЖК мәліметінше, Сарыарқа көшесіндегі "Хайвилл Қазақстан" кеңсесіндегі өрт туралы хабарлама Астананың өртке қарсы қызметіне сағат 21:11-де түскен.

Анық болғаны, кеңседе сату бөлімі және клиенттерге көрсетілетін пәтерлер болған. Өртті сөндіруге Астана ТЖД 16 арнайы техникасы мен жеке құрамның 65 қызметкері жұмылдырылған. Алдын ала болжам бойынша, зардап шеккендер жоқ.