Алматының тау бөктерінде белгісіз бойжеткеннің мәйіті табылды

20 мамыр, 12:09

Қыз баласының өлім себебі алдын ала болжам бойынша - өз-өзіне қол жұмсау, деп хабарлайды Алматы облыстық полииция департаментінің баспасөз қызметіне жасай отырып Elitar.kz.

18 жастағы бойжеткеннің денесі 19 мамыр күні сағат шамамен 17.30-дарда Талғар ауданындағы Белбұлақ ауылында іздеу шаралары барысында табылды. Іздеу шараларына полицейлерден бөлек волонтерлер де атсалысқан.

Мәйіт денесінде ешбір зорлық белгілері анықталмады. Дене кімге тиесілі екенін туыстары растады.

Қыздың өлім себебін сот-медициналық сараптамасы тағайындайды. Бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабына сәйкес тергеу жұмыстары басталды.