419 млн Facebook пайдаланушының телефон нөмірлері ғаламторда тарап кетті

05 қыркүйек, 16:05

​Techcrunch интернетте құпия сөзмен қорғалмаған серверді тапты, онда 419 млн-нан астам Facebook пайдаланушыларының жеке мәліметтері мен телефондары (133 млн - АҚШ, 50 млн - Вьетнамнан және 18 млн - Ұлыбританиядан) тарап кетті, деп хабарлайды ca-news.

Әрбір жазбада Facebook пайдаланушысының бірегей идентификаторы және есептік жазбада көрсетілген телефон нөмірі бар. Facebook пайдаланушысының идентификаторы - бұл пайдаланушыны оңай анықтауға мүмкіндік беретін, оның тіркелгісімен байланысты ұзын нөмір. Кейбір жазбалар, сондай-ақ, пайдаланушы аты, жынысы және елге байланысты орналасқан жері туралы мәлімет бар.

Facebook компаниясындағылар ол база ескіргенін, ал ондағы барлық деректер 2018 жылы телефон нөмірі бойынша іздеу жүйесі жабылғанға дейін жиналған. Компания сондай-ақ, аккаунттар бұзылды деген дәлелдер жоқ екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін Facebook Федералдық сауда комиссиясымен (FTC) әлеуметтік желі пайдаланушыларының мәліметтерінің құпиялылығын бұзғаны үшін $5 млрд көлемінде рекордтық айыппұл төлеу туралы келісімге келген. Келісім өткен жылдың наурыз айында болған Cambridge Analytica төңірегіндегі даудан кейін басталған. Сол кезде Facebook-тің Cambridge Analytica зерттеу компаниясының 87 млн пайдаланушыларының деректерін бергендігі белгілі болды.