34 жастағы қарағандылық бір жарым жасар өз қызын кепілге алды, деп хабарлайды Elitar.kz.
Бірнеше күн бұрын ер адам жұбайымен жанжалдасып, үйінен кетіп қалған. Бірақ сәрсенбі күні отбасымен татуласу үшін қайтып оралады. Татуласудың орнына жұбайлар тағы да жанжалдасады. Күдіктінің енесінің айтуынша, ол қолына пышақ алып, пәтердегілерді қорқытқан.
Оның жұбайы анасымен және екі баласымен бірге көршілерінен көмек сұрауға тырысқанымен, ешкім есігін ашпаған. Жанболат ең кіші қызымен пәтерге бекініп алады. Баланың өміріне алаңдаған туыстары полиция шақырған.
Оқиға орнына
полиция қызметкерлері келген кезде, ер
адам қызды өлтіретінін айтып,
мойнына пышақ тақаған.
Кейін оған автокөлік
беруін талап еткен.
Полиция
қызметкерлері оның өтінішін орындап,
көлікті берген кезде, ер
адам қызымен бірге орталық мешітке
қарай жол тартқан. Мешіттің
айналасы бірден қоршауға алынды.
Полицейлер төрт сағатқа
жуық уақыт ер адаммен
келіссөздер жүргізді. Ақыры
олар қызды анасына қайтарып беруге
көндірді.