Қарағандыда ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған Ұлттық бюро қызметкері ақталды

23 қазан, 11:41

​Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюроның қызметкері 50 мың доллар алаяқтықпен пара алғаны үшін айыпталған болатын. Бірақ ол ақталды. Себебі оны ұстау кезінде пара табылмаған. Енді ақталған адамның моральдық-адамгершілік азабы үшін өтемақы талап ете отырып, мемлекетті сотқа беруге құқығы бар. Бірақ ол бұл құқықты пайдалана ма, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз.

Қызметкердің үстінен іс кәсіпкер шағымынан соң қозғалды. Бизнесменнің айтуынша, Ұлттық бюро қызметкері үстінен қозғалған істі жабу үшін одан 50 мың АҚШ долларын талап еткен. Кәсіпкер бұл мәміленің заңсыз екенін түсініп, құзырлы органдарға арызданып келген. Алайда қызметкердің пара алып жатқан сәтін ұстау мүмкін болмады.
Арнайы тергеу тобы Ұлттық бюро қызметкерін он күн бойы іздеген. Оның көлігін зираттың маңынан табылды. Алайда онда ақша болмаған.
Қарағанды аудандық сотында сотталушы өзінің кінәсіздігін айтып, машинада ақшаның жоқтығы оның кінәсіздігінің дәлелі болып табылатынын атап өтті. Нәтижесінде сот сотталушының жағына шығып, қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларына сәйкес барлық күмәндар айыпталушының және күдіктінің пайдасына шешілді. Сонымен қатар сот құқық қорғау органдары тергеу кезінде бірқатар бұзушылықтарға жол бергенін және қылмыстық істің объективті емес, айыптау бағытында жүргізілгенін көрсетіп жеке қаулы шығарды.